ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласының тұрғыны екі айдан бері хабар-ошарсыз. Ол ақпан айында мал сатып алу мақсатында Ақтөбе облысына жолға шыққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
45 жастағы қызылордалық Ұлықбек Нысанбаев биылғы 23 ақпанда мал сатып алу мақсатында Ақтөбе облысының Ырғыз ауданына аттанған. Содан бері үйіне қайта оралмаған.
«Ұлықбек Тұрмаганбетұлының қайта оралмауына байланысты Қызылорда қалалық полиция басқармасы іздеу салады. Оның бойы 165-170 см, толық денелі, қысқа. Үстіне көк түсті куртка, көк түсті классикалық шалбар, басына кара түсті кепка, аяғына қара түсті етік киген. Аталған хабарлама бойынша қандай да бір ақпарат білген жағдайда мына телефон нөмірлеріне мәлімет беруді сұраймыз: 8(7242)-29-75-20 немесе 102 арнасы», - деп жазылған Қызылорда қалалық полиция басқармасы таратқан хабарламада.
Еске салсақ, Қызылорда қаласының полициясы тағы бір тұрғынға іздеу жариялаған болатын. 14 жастағы қыз 21 сәуірде үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен күйі қайта оралмаған.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.