Елде оған қажетті жағдайлардың барлығы жасалып, тиісті құрылғылар да сатып алынған. Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан I Халықаралық мал шаруашылығы форумында Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жауапты хатшысы Евгений Аман мәлім етті.
Аталмыш шаралар елде ветеринарлық қызметті жолға қою мен малға қажетті дәрілерді егу жұмыстарын талапқа сай жүргізу үшін керек. Сондай-ақ ол мал жүрген жерлерді де бақылауға алып, ет тасымалын қадағалап отыруға мүмкіндік береді. «Қорыта айтқанда, біз қолға алып отырған шаралар ветеринарлық қызметтің барынша жоғары деңгейде жүргізілуіне жағдай жасайды», деді Жауапты хатшы.
Оның айтуынша, биылғы жыл мал шаруашылығына қатысты мәселелер біршама күрделеніп кетті. Түрлі инфекциялық аурулар шығып жатыр, мал шаруашылығында әлі де болса шешуін талап етіп отырған мәселелер де баршылық. «Бұл бір жағынан аймақтарда қорғаныс шараларының да жеткіліксіздігін байқатты. Алайда бұл бәрі бітті деген сөз емес. Кемшін тұстардың барлығын жөнге келтіруге болады. Бұны қазір бәріміз де жақсы түсініп отырмыз», деді Е.Аман.