Аталған мемлекеттік бағдарламаны толыққанды жүзеге асыру барысында 130 млрд. теңге көлемінде қаржыландыру қажет етілетіндігін атап өткен оның сөзіне қарағанда, жыл сайынғы табысы да өте жоғары болып, миллиардтаған доллар кіріс әкелетін болады.
«Жоба толық жүзеге асырылғаннан кейін біздің ауыл шаруашылығымыз жылына 1,5 млрд. доллар көлемінде қосымша табыс алады», - деді ол.
Бұл орайда Ө.Шөкеев мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы ауқымды тиімділік әкелетіндігін Елбасының ағымдағы жылы Қазақстан халқына арналған Жолдауында атап өткен «60 мың тонна ет экспортының құны 4 миллион тонна бидай экспортына тең» деген сөзімен дәлелдеді.
«Біздің ауыл шаруашылығымыз жыл сайын шамамен 8 млн. тонна астық экспорттайды. Осы жобаның есебінен біз ауыл шаруашылығының экспорттық әлеуетін бір жарым есе ұлғайтамыз», - деді Ө.Шөкеев.