«Экономикалық құлдырау барысында мал шаруашылығы саласы ауыр кезеңдерді бастан өткерді. Және соның салдарынан мал басы негізінен жеке және үй шаруашылықтарында шоғырланды. Мал шаруашылығы мен құс фабрикаларының ыдырауы есебінен мал басының және құстардың барлық түрлерінің саны күрт төмендей түсті. 1990 жылмен салыстырғанда, 2000 жылға қарай мал басының саны екі есе қысқарды. Осыған сәйкес, мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің көлемі де азайды», - деп атап өтті жауапты хатшы.
«Бұл сала өзінің экспорттық әлеуетінен айырылды, сондай-ақ ішкі қажеттілікті қамтамасыз етумен шектелді. Ал құс еті бойынша еліміз экспортқа тәуелді болды», - деді Е.Аман.
Оның айтуынша, қазіргі уақыттың талабына сәйкес бүгінде жайылымдар мен мал шаруашылығын сақтап қалған ауыл шаруашылық кәсіпорындары қазіргі кезде экономикалық тұрғыдан алғанда тұрақты дамып келеді.
«Атап айтқанда, осы шаруашылықтарды еліміздің халқы тұрақты түрде жыл бойы еңбекпен қамтылған. Бұл жерлерде еңбек өнімділігі, еңбекақы жоғары деңгейде. Сондай-ақ осы жерлерде әлеуметтік проблемалар да шешілуде», - деді ол.
Е.Аман атап өткендей, бүгінде барша ауыл шаруашылығы өнімі мен азық-түлік тауарлары экспортының жалпы көлемінде астық пен ұнның үлесі 78 пайызды құрап отыр.
«Осы тұрғыдан айтарымыз, мал шаруашылығын дамыту үшін еліміздегі ауқымды мүмкіндіктер пайдаланылмай отыр», - деп тоқталды жауапты хатшы.