Мальта әуежайында жеңіл ұшақ құлап, бес адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдын ала болжам бойынша, дүйсенбі күні таңертең Мальта әуежайында жеңіл моторлы ұшақтың құлауынан бес адам қаза тапты. Ұшақ бортында ішкі шекаралар қауіпсіздігі жөніндегі ЕО агенттігінің қызметкерлері ('Фронтекс') болған, деп жазады Би-би-си.

Апат жергілікті уақытпен таңғы 7:20-да болған.

Апат орнына құтқарушылар, дәрігерлер және өрт сөндірушілер келді.

Әуежай уақытша жабық тұр.

Бұл Екінші дүниежүзілік соғысынан кейінгі жылдар ішінде Мальта әуежайында болған ең үлкен әуе апаты.

Рейтердің хабарлауынша, ұшақ Ливияның Мисрата қаласына бет алған.