Мальта билігі Интерполдың ескертуіне қарамастан қазақстандық қашқын Рахат Әлиевке резидент статусын берді

None
АСТАНА. 29 маусым. ҚазАқпарат - Мальтаның Malta Today газеті австрия прокуратурасы 49 жастағы Рахат Әлиевке қатысты қылмыстық тергеудің жағдайларына зерттеу өткізген мақаланы жариялады.

Журналист Мэтью Вела Мальта билігі полицияның қарсылығына және  Интерполдың ескертуіне қарамастан Рахат Әлиевке бұл елде тұрақты тұру рұқсатын неліктен бергендігі туралы сұрақ қойды.

Бұл туралы «Экспресс К» газетінде Карина Микоян жазады («Рахат Алиев собирается сбежать в США» мақаласы, 29.06.2012 жылғы № 117 (17475)).

Журналистің жазуынша, мальталық үкімет Әлиевтің 2007 жылдан бері қылмыстық тергеу нысаны екенін есепке алмады. Қазақстанда ол Нұрбанктің екі топ-менеджерін ұрлағаны үшін сырттай 20 жылға бас бостандығынан айырылу жазасына кесілді.

Malta Today газетінде Әлиевтің Мальтада өзінің зайыбы Эльнара Шоразовамен бірге тұрып жатқандығы және Рахат Шораз есімін алып жүргендігі айтылған. Өзгенің тегін алған оның австриялық тергеушілерден жасырынуы мүмкін.

Өз кезегінде Мальта билігі қазақстандық қашқынға резидент дәрежесін неліктен бергендігін түсіндіруге асықпауда. Сыртқы істер министрлігі ғана Әлиевтің ЕО азаматшасымен некеге тұрып, өз құқығын пайдаланғанын айтуда. Бірақ, жаңылысып сөйлеген сөзінде шенеуніктер «егер австриялық билік көздері оның қамалуына еуропалық ордер берсе, бұл талап орындалатынын» айтты. Соңында Мюэтью Велла кейбір мәліметтер бойынша Рахат Әлиевтің Құрама Штаттарға қауіпсіз өтудің амалын іздеп жатқанын мәлемдейді.

Мақалада сондай-ақ The New York Times американдық газетінің мәтіні келтірілген, онда Әлиевтің АҚШ өкілдерінің палатасында қазақстандық үкіметті сынаумен айналысатын лобби құрғаны туралы айталады.

 Осы екі арада Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Әкежан Қажыгелдиннің қорғаушысы Лотара де Мезьер Рахат Әлиевтің супербай адамдар қатарында екендігін және оның заңдардан айналып өту мүмкіндігі бар екендігін мәлімдеді.