Мальталық БАҚ-тың мәліметіне сүйенсек, ұшақты басып алған екі күдікті оны жарамыз деп қорқытқан. Әзірге олардың талаптары белгісіз. Басқа ақпарат бойынша, борттағы қарулы басқыншы оның талабы орындалса, жолаушыларды жіберуге дайын екенін хабарлаған.
Мальтаның премьер-министрі Джозеф Мускат өзінің Twitter-дегі ресми парақшасында жазғандай, ливиялық ұшақты әлдебіреулер басып алғаны туралы ақпарат оған да жеткен.