Мальтада Arctic Sea кемесін басып алуға байланысты қылмыстық іс қозғалды

АСТАНА.  Тамыздың 17-сі. ҚазАқпарат -  Ресейлік  экипаж  мінген   Arctic Sea    кемесін   теңіз қарақшыларының басып алу   ықтималдығы  бойынша   кеше Мальтада   қылмыстық іс қозғалды,

деп  хабарлайды  «Маяк»  раидиостансасы.    Фин компаниясына тиесілі  және    Мальта    жалауының астында  жүзіп келген  кеме  осыдан  екі апта  бұрын,  Алжирдің Беджаия  айлағына  бара  жатқан жолда   жоғалып  кеткен  еді.

Финляндияда,  кемені теңіз  қарақшыларының басып  алғандығы   және олардың     құн  талап  етіп  отырғандығы  туралы    мәлімет алынды, деп хабарлады жексенбі күні    мальталық   теңіз  басқармасынан.   «Ресейлік  экипаждың   өміріне   қауіптің бар  екенін  және   олардың басы   үшін    құн талап етіліп отырғанын» атап көрсеткен      дерек көз,   басқа мәліметтер  беруден бас тартқан.