Туристтердің сүйікті жеріне айналған табиғи ескерткіштің жойылатыны бұрыннан бері айтылып келеді. Соңғы кездері оның әктастары бұзылып, құлай бастаған. 8 наурызда ол толығымен қирады.
Жартасқа ЮНЕСКО бүкіләлемдік құндылық нысаны ретінде мәртебе берген еді. Сондай-ақ оны «Титандар шайқасы» (1981), «Граф Монте-Кристо» (2002), «Тақтар ойыны» телесериалының эпизодтарынан көруге болады.