Софияда өткен конкурс сайтында хабарланғандай, Дестини Чикуниере «Not My Soul» әнін орындап, 185 балл жинады. Атап өтілгендей, балалар Еуровидесі өткізіліп келе жатқан 3 жылдан бергі бүкіл тарихында Мальта өкілі екінші рет жеңіске жетіп отыр.
Екінші орынға 176 баллмен Армениядан келген бала - Микаел Варонян ие болды. Үшінші орын Словениядан Лина Кудузовичке бұйырды. Ол 112 балл жинады.
Конкурсқа әртүрлі елдерден барлығы 17 жас өнерпаз қатысты.