«Қылмыстық кодекске мүлкін тәркілеп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі ең жоғарғы жазаны көздейтін «мал ұрлығы» жеке бабы енгізілді. Осы бап негізінде үй-жайларға кіріп мал ұрлайтындарға жаза күшейтілді. Сондай-ақ бұл бап ұрылардың жәбірленушілермен татуласу арқылы жауапкершіліктен жалтаруына жол бермеуге және ұрлықтың алдын алуды күшейтуге мүмкіндік берді», - деді ресми өкіл ІІМ баспасөз алаңында өткен брифингте.
Оның атап өтуінше, мал ұрлығының топтық түрімен күресу үшін өңірлерде жедел-іздестіру топтары жұмыс істейді. Олар мал базарлары мен мал сою орындарында арнайы рейдтер жүргізеді.
«Жыл басынан бері полиция 800-ден астам мал ұрлығын, оның ішінде 112 қылмыстық топты ұстады. Ұрланған 7 мың малдың 4 мыңға жуығы табылып, қайтарылды»,- деді Нұрділдә Ораз.