«Жер пайдалану мониторингі бойынша 1 млн гектар пайдаланылмайтын егістік жерлер, 817 мың гектар егістік жерлерді мақсатсыз пайдалану, 12 млн гектар малы жоқ жайылымдық алқаптар анықталды. Пайдаланылмайтын жайылымдық жерлер Алматы облысында – 1,3 млн гектар, Ақтөбе облысында - 1,3 млн гектар, Қарағанды облысында - 1,3 млн гектар», - деп тоқталды Аэроғарыш комитетінің төрағасы Баубек Оралмағамбетов ОКҚ-да өткен брифингіде.
Оның айтуынша, пайдаланылмайтын жатқан егістік жерлер Қостанай (277 мың гектар), Солтүстік Қазақстан (126 мың гектар) және Абай облыстарында (90 мың гектар) көп анықталған.
Сонымен қатар спикер былтыр Қазақстан бойынша 5 683 рұқсат етілмеген қоқыс объектілері анықталғанын айтты.