Малави билігі президент Бингу ва Мутариканың қайтыс болғанын ресми жариялады

None
АСТАНА. 8 сәуір. ҚазАқпарат - Кеше Малави үкіметі президент Бингу ва Мутарика жүрек ұстамасынан қайтыс болғандығын ресми жария етті.

Бұл туралы ИТАРР-ТАСС хабарлады.

Президенттің өлімі туралы әңгімелер бірер күн бұрын шықты. Бірақ ресми БАҚ-тар Мутарика тірі екендігін айтып, ол Оңтүстік Африка Республикасында әлдебір сырқаттан емделіп жатқандығына сендірген болатын. Президент Африканың Йоханнесбургтегі Милпарктің «жедел жәрдем» ауруханасының кардиологиялық бөліміне жатқызылды-мыс.

Конституцияға сәйкес, мемлекет басшысы қайтыс болған жағдайда оның міндеттері вице-президент Джойс Бандаға өтеді. Бірақ Д.Банда біршама уақыт бұрын басқарушы партияның қатарынан шеттетіліп, ол оппозиция лидерлерінің біріне айналды. Президент өзінің ізбасарлығына ағасы Питерді, Сыртқы істер министрлігінің басшысын дайындаған болатын.