Малави президенті сайлау нәтижесін жоққа шығарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Малави Президенті Джойс Банда дауыс беру кезіндегі заң бұзушылықтарға байланысты осы аптадағы жалпы сайлау нәтижесінің күшін жойды.

Сайлау комиссиясының алдын ала мәліметтері жарияланғаннан кейін, президенттікке таласқа түскен Банда бірнеше сағаттан соң 20 мамырдағы сайлауда дауыс беру кезіндегі заң бұзушылақтарға байланысты оның заңды күші жоқ екенін мәлімдеді. 64 жасар Банданың негізгі қарсыласы ретінде бұрынғы президенттің ағасы Питер Мутарика тіркеліп отыр. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, ол 42 пайыз дауыс жинаған. Бюллетеньдердің 30 пайызы өңделгеннен кейін Банда дауыстардың 23 пайызын жинады.