Малави вице-президенті Саулос Чилима ұшақ апатынан қаза тапты

Фото: Twitter

АСТАНА. KAZINFORM – Жойқын ұшақ апатынан қаза тапқандар туралы Малави президенті Лазарус мәлімет таратты, деп хабарлайды ТАСС ақпарат агенттігі. 

Оның қайғылы оқиға жайында айтқан сөзі time360 порталында жарияланды. 

«Құтқарушылар апат кезінде ұшақтың толығымен қирағанын анықтады. Вице-президент және борттағы адамдардың бәрі қаза тапты», - деді ол.

Еске сала кетсек, бұған дейін Африкадағы Малави мемлекетінің вице-президенті Саулос Чилима және 9 адам мінген ұшақ радар экранынан ғайып болғаны туралы жазған болатынбыз. 

Материалды Kazinform-ның ақпараттық серіктесі ТАСС ақпарат агенттігі ұсынды.