Оның қайғылы оқиға жайында айтқан сөзі time360 порталында жарияланды.
«Құтқарушылар апат кезінде ұшақтың толығымен қирағанын анықтады. Вице-президент және борттағы адамдардың бәрі қаза тапты», - деді ол.
Еске сала кетсек, бұған дейін Африкадағы Малави мемлекетінің вице-президенті Саулос Чилима және 9 адам мінген ұшақ радар экранынан ғайып болғаны туралы жазған болатынбыз.
Материалды Kazinform-ның ақпараттық серіктесі ТАСС ақпарат агенттігі ұсынды.