Компания таратқан ақпаратқа қарағанда, әуеде ұшақтың негізгі электр генераторы істен шыққан. Дегенмен қосымша құрылғысы жұмыс істеуін жалғастырған. Осыдан кейін бортында 270-тен астам жолаушысы бар «Аэробус» ұшағы жергілікті уақыт бойынша сағат 03:00-де Гонконг әуежайына қонуға мәжбүр болды. Ал ұшақ жолаушылары басқа рейспен Сеулге жөнелтілді.
Айта кетейік, дәл осы компанияның «Боинг 777» ұшағы 8 наурыз күні Оңтүстік Қытай теңізінің үстінде жоғалып кеткен болатын. Оны іздеу жұмыстарына әлемнің жиырмадан астам елі жұмылғанымен әзірше еш нәтиже жоқ.