Malaysia Airlines Boeing апатына байланысты көңіл айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Malaysia Airlines компаниясы Boeing777 ұшағында қаза тапқандардың туған-туыстарына көңіл айтты, деп жазады РИА «Новости».

«MH17 бортында қаза тапқан адамдардың туған-туысқандарына шын көңілден қайғырып, көңіл айтамыз. Біздің дұғаларымыз барлық 298 адамның отбасыларына, туысқандары мен достарына бағышталады», - деп жазылған компанияның Facebook парақшасында.

Еске сала кетейік, Амстердам - Куала-Лумпур бағытында ұшқан «Малайзиялық әуе желісі» Boeing 777 бейсенбі күні Украина аумағындағы Донецк облысының Грабово елді мекенінде апатқа ұшыраған болатын. Бортта болған 298 жолаушы қаза тапты.