2013 жылдың соңындағы мәлімет бойынша, әуе компаниясында 19577 адам жұмыс істеген.
Биыл әуе желісінің екі ұшағы апатқа ұшырауына байланысты компания акциясының 70 пайызына иелік ететін «Khazanah Nasional» малайзиялық мемлекеттік инвестициялық қоры «Malaysia Airlines»-тің акцияларын халықаралық биржадағы айналымда уақытша тоқтату туралы шешім қабылдаған. Қызмет көрсету сапасы жағынан «Malaysia Airlines» британдық Skytrax компаниясының 2013 жылғы анықтауы бойынша әлемдегі 7 үздік тасымалдаушының қатарына кірген. Өткен жылы компания 367 млн. доллар шығынға ұшырады.