Мalaysian Airlines компаниясы Boeing апатында қаза тапқандардың туған-туыстарына 5 мың доллардан төлейді

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Malaysia Airlines әуе компаниясы шығыс Украинада Boeing апатында қаза тапқандардың жақындарына бастапқы өтемақы ретінде бес мың доллардан төлейді, деп хабарлады компанияның вице-президенті Хейб Гортер баспасөз мәслихатында.

«Біз жолаушылардың туған-туыстарының қомақты қаржыларын шығындайтындығын жақсы түсінеміз, сондықтан оларға 5 мың доллардан өтемақы беруді шештік», - деп мәлімдеді Гортер.