Малайзия 1 қыркүйектен бастап елден ұшып кететіндерге салық салады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Малайзия билігі 1 қыркүйектен бастап елден ұшып кететіндерден алынатын қосымша салық түрін енгізді. Қаржы министрі Лим Гуан Энг қол қойған қаулыда жаңа салықтың сомасы да белгіленді. Бұл туралы The Straits Times басылымы жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

МалайзияБруней, Вьетнам, Индонезия, Камбоджа, Лаос, Мьянма, Сингапур, Таиланд жәнеФилиппинмен бірге Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінің қауымдастығына (АСЕАН)мүше. Осы елдердің біріне эконом-класпен ұшатындардан ең аз мөлшерде алымалынады - 8 ринггит ($1,9). Қызмет көрсету деңгейі жоғары кластармен ұшатындар50 ринггит ($11,9) төлейді.

АлАСЕАН-ға мүше емес елдерге саяхаттайтындар эконом-класс үшін 20 ринггит ($4,7),бизнес-класс үшін - 150 ринггит ($35) төлейді.

МалайзияҚаржы министрлігінің мәлімдеуінше, 2 жасқа толмаған балалар салықтанбосатылады. Бұдан бөлек, транзит арқылы ұшатындардың Малайзияда болу уақыты 12сағаттан аспаса, оларға да бұл салықтың қатысы жоқ.

Малайзиятуризм дамыған елдердің бірі саналады. Былтыр Корольдікке 25,8 млн шетелдіктурист саяхат жасаған.

Соңғы жаңалықтар