«Халықаралық сарапшылар мен іздестіру командасының қызметкерлері апат орнына еш кедергісіз барулары тиіс», - деп мәлім етті Малайзия көлік министрі Лиоу Тионг Лай.
Сондай-ақ ол рәсімнен кейін марқұмдардың сүйектері туысқандарына қайтарылуы тиіс деп хабарлады. Украина үкіметі Малайзия және Нидерланды, Еурокомиссия, «Boeing» америкалық компаниясы, халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ICAO), америкалық көліктегі қауіпсіздік Ұлттық кеңесі (NTSB), Еуразиялық әуе навигациясы қауіпсіздігі ұйымы (Eurocontrol) өкілдерін тергеуге қатысуға шақырды. Интерпол мен Еуропалық одақ полиция қызметі (Еуропол) де авиалайнер құлаған орынға өз қызметкерлерін жібереді. Естеріңізге сала кетейік, Амстердамнан Куала-Лумпурға бағыт алған MH17 рейсіндегі Malaysian Airlines Boeing 777 ұшағы Украина аумағында бейсенбі күні кешке, 17 шілдеде апатқа ұшырады. Оның бортында 283 жолаушы мен экипаждың 15 мүшесі болған. Олардың барлығы оқиға орнында қаза тапты.