«Қажет болғанда біз кез келген көмек көрсетуге дайынбыз», - деді ол.
Өз кезегінде, Малайзияның премьер-министрі Наджиб Тун Разак жолаушылар лайнерінің себептерін болжамайтынын, нақты деректерге сүйенетінін жеткізді.
«Бұл істі нақты дәлелдер мен фактілер негізінде тергеуіміз қажет», - деген премьердің сөзін жергілікті БАҚ келтірді.
Айта кетейік, «Амстердам - Куала-Лумпур» бағытында ұшқан Boeing 777 бейсенбі күні кешке Донецк облысында апатқа ұшырады. Ұшақ бортында болған 298 адамның барлығы қаза тапты.