Оның сөзіне қарағанда, халықаралық құқық талаптарына сәйкес, ұшақ иесі әуе кемесі бортындағы жазба құралдарын алуға толық құқылы.
«Біз халықаралық заңнаманы орындауымыз керек. Сондықтан өзге тараптар қара жәшіктерді талап ете алмайды және оны иеленуге құқығы жоқ», - деді премьер.
Наджиб Тун Разактың атап өтуінше, қазіргі кезде әуе апатынан қаза болған ел азаматтарының денесін отанына қайтару бойынша барлық шаралар жасалуда. Алдын ала мәліметтер бойынша, ұшақ бортында 15 экипаж мүшесін қоса есептегенде Малайзияның 44 азаматы болды.