Малайзия депутаттары алғаш рет Қазақстанға ресми сапармен келеді

None
АСТАНА. 13 қазан. ҚазАқпарат - Малайзия депутаттары алғаш рет Қазақстанға ресми сапармен келеді. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінен хабарлады.

«13-15 қазан аралығында Малайзия Парламенті Сенатының Президенті Тан Сри Әбу Захар бин Дато Ника Ужанг бастаған малайзиялық парламентшілердің Қазақстанға бірінші ресми сапары орын алады», - делінген хабарламада.

Орталық ақпаратына қарағанда, ҚР Парламент Сенатының Төрағасы Қайрат Мәмимен және басқа мемлекеттік органдардың өкілдерімен өтетін келіссөздер барысында Қазақстан мен Малайзия парламентаралық ынтымақтастығының өзекті мәселелері, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылдар талқыланады.