Сондай-ақ ол Украина басшылығынан Boeing 777 құлаған жеріне баруға толық мүмкіндік беретін гуманитарлық дәліз құрылатыны туралы хабар алғанын атап өтті. Разак айтып өткендей, апаттың орын алу себебін анықтау бойынша халықаралық топ құру мәселесі телефон арқылы АҚШ президенті Барак Обамамен талқыланды. Барак Обама бұл мәселе бойынша жан-жақты қолдау көрсетуге әзір екенін жеткізген. Малайзиялық премьер халықаралық сарапшылар апат болған ауданды зерттеу үшін бар мүмкіндіктері болуы керектігін атап өтті.
Еске сала кетейік, Амстердам - Куала-Лумпур бағытында ұшқан «Малайзиялық әуе желісі» Boeing 777 бейсенбі күні Украина аумағындағы Донецк облысының Грабово елді мекенінде апатқа ұшыраған. Алдын ала болжам бойынша бортта болған 283 жолаушы, соның ішінде 3 сәби және 15 экипаж мүшесі қаза тапты.