Осының арқасында Қазақстан жалпы есепте көш бастап, құрама кубокті өз қанжығасына байлады.
Яғни, Алор-Сетар қаласындағы спорт кешенінде Қазақстан Әнұраны 6 рет әуеледі.
Әділбек Әділжан (56 кг), Бағдат Уайдаев (60 кг), Мәулен Өскенбек (64 кг), Айтжан Шлеев (69 кг), Нұрзада Сабыров (75 кг) пен Тұрсынбай Құлахмет (81 кг) бұл турнирде қарсылас шақ келтірмей, алтыннан жүлде тақты. Ал Мәулен Өскенбек тіпті доданың ең үздік боксшысы атанды.
8-14 наурыз аралығында өткен жарысқа 8 елден 58 боксшы қатысты. Айта кетейік, тәжірибелік құрама биыл қаңтар айында құрылған. Оған болашағынан үміт күттіретін 22 спортшы еніп отыр. Олар - Қазақстан негізгі ұлттық құрамасының ізін жалғастыратын жас таланттар.