Малайзия жағалауында кеме апатқа ұшырап, 60-тан астам адам із-түзсіз жоғалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Болжам бойынша кеменің бортында болғандардың бәрі Индонезия азаматтары. Малайзия жағалауында кеменің апатқа ұшырауынан 60-тан астам із-түзсіз жоғалған. Бұл туралы бүгін Reuters агенттігі хабарлады.

Малайзияның батыс жағалауында суға кеткен кеменің бортында 97 адам болған. Агенттіктің мәліметтері бойынша 61 адам із-түзсіз жоғалған. Болжам бойынша, бортта болған барлық адамдар Индонезияның азаматтары.