Бұдан бұрын 43 адам қаза тапқаны белгілі болған.
Малайзиялық теңіз кеңістігін бақылау агенттігінің өкілі Мохамад Хамданның мәлімдемесіне сәйкес, құрбандар саны артуы ықтимал. «Біз таяу күндері тағы бірнеше адамның мүрдесін табуымыз мүмкін», - деген Хамдан сөзін келтірді агенттік.
Оның айтуынша, іздеу әлі үш күн жалғасады. Ол бортта шамамен 80 адам болғанын мәлімдеді.
Сабак Бернам қаласына жақын жерде Малаккск бұғазында мигранттар мінген ағаш қайық бейсенбі күні апатқа ұшырады. 20 адам құтқарылды. Қайтыс болғандар мүрдесі апат орнынан 15 шақырымдай қашықтықта табылды. Агенттік ақпаратына сүйенсек, мигранттар Малайзия бұғазы арқылы Индонезияға өтпекші болған.
Photo: Gregorio Borgia