Іздеу жұмыстарына судағы жанар-жағармай қалдықтарын табуға септесетін сенсорлармен және бейнекамерлармен жабдықталған үш кеме тартылады. Олардың ең алғашқысы апат орын алған деп болжанып отырған жерге 5 қазанда келіп жетуі тиіс.
Естеріңізге сала кетейік, Куала-Лумпурден Бейжіңге МН370 рейсімен шыққан Boeing 777-200 әуе лайнері 227 жолаушысы және бортындағы 12 экипаж мүшесімен 8 наурызға қараған түні радар экранынан жоғалды. Ұшақ иесі Malaysia Airlines компаниясы оның Үнді мұхитына құлағанын айтады. Ресми өкілдер ондағы жолаушылардың бәрі де қаза тапты деп отыр. Жоғалған ұшақты іздестіру жұмыстарына бірнеше ел атсалысуда, олардың қатарында АҚШ, Малайзия, Австралия мен Қытай елдері бар. Әлі күнге дейін аталмыш ұшақ туралы ешбір дерек жоқ.