«Біз іздеу-құтқару операцияларын үшақ соңғы мәрте байланысқа шыққан жерге шоғырландырған едік. Дегенмен іздеу аумағын кеңейту туралы шешім қабылдадық», - деді ол.
Сонымен бірге Разак БАҚ-тарға ұшақ турасында жорамалдарға бой алдырмауды, жалпы оны іздеу жұмыстарына Әскери теңіз күштері мен Жағалау күзетінің тоғыз кемесі жұмылдырылғанын атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, Malaysia Airlines әуе компаниясының 239 жолаушысы бар ұшағы сенбіге қараған түнде жоғалып кеткен еді. Ұшақта 227 жолаушы мен 12 экипаж мүшесі болған. Boeing 777-200 ұшағы Куала-Лумпурдан Бейжіңге бағыт алған екен. Ұшақ радардан жергілікті уақыт бойынша 02.40 шамасында, әуеге көтерілгеніне 19 минут болғанда жоғалып кеткен.
Жолаушылардың арасында Ресей, Украина, АҚШ, Италия, Франция және Қытай азаматтары болған.