Малайзияда 2 кеме соғылды, 18 адамның өлі-тірісі белгісіз

АСТАНА. ҚазАқпарат - Малайзия жағалауында 2 кеменің соқтығысуынан екі адам қаза тапты, 18-і із-түзсіз жоғалған деп есептелуде.

Оқиға малайзиялық патрульдік кеме бортында 80 заңсыз мигранты бар кемені тоқтату кезінде болған. Ол Индонезияға бет алған екен, деп жазады шетелдік БАҚ.

Оқиға орнында құтқару операциясы жүргізілуде.

Еске сала кетейік, 17 маусымда Индонезияның заңсыз мигранттары бар кеме Бантинг қаласынан 3 шақырым жерде суға кеткен. Оның бортында 97 жолаушы болды деп есептеледі. Алайда ол 50 адамға ғана шақталған кеме екен. Олар Малайзия аумағына заңсыз енбек болды деген болжам бар. 14-і қаза тапты, тағы 27 адамның тағдыры белгісіз.