Малайзияда автобус терең жыраға құлап, салдарынан 20 адам қаза болды

АСТАНА. 21 тамыз. ҚазАқпарат - Малайзияның астанасы Куала-Лумпурға жақын орналасқан Genting Highlands ойын-сауық паркінің маңында терең жыраға автобус аударылды, салдарынан кемінде қапыда 20 адам ажал құшты.

Би-Би-Си-дің хабарлауынша, автобус жайсыз ауа-райына, екпінді желге қарамай жолға шыққан. Құтқарушылар жырада жатқан автобусты кранмен және бірнеше арқанмен алып шыққан.

Genting Highlands ойын-сауық кешені 1965 жылы ашылған. Малайзиядағы жалғыз казино соның аумағында орналасқан.