«Осылайша, Малайзия аумағында SARS-CoV-2 инфекциясының расталған жағдайларының жалпы саны 4 481 278-ге жетті. Сондай-ақ, өткен тәулікте елде коронавирустық инфекциясы бар тағы үш науқас қайтыс болды. Малайзияда пандемия басталғаннан бері COVID-19 асқынуынан 35 623 адам көз жұмды», - делінген ВАК ақпаратында.
Айта кетсек, Қытайдың Шанхай қаласында коронавируспен байланысты жағдай қалыпқа келе бастады.