Олар іздеу аймағын анықтауға көмектеседі, деп хабарлады Би-Би-Си. Ақпарат із-түзсіз жоғалғандардың туыстарының іздеу жұмыстарын әлдеқайда ашық жүргізуге шақыруынан кейін жария етілді.
Олар жаңа мәліметтер тәуелсіз сарапшылармен зерттеледі деп санайды.
Естеріңізге сала кетейік, 8 наурыз күні Куала-Лумпурдан Бейжіңге бағыт алған МН370 рейсі радар экрандарынан жоғалған болатын. Оның бортында 239 адам болған.
Содан бері іздеу шараларының барысында ұшақ сынықтары табылмады.