НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Малайзияның солтүстік бөлігіндегі Куала-Тренгану қаласының соты вьетнамдық екі браконьерге қатысты 375 мың АҚШ доллары көлемінде рекордтық айыппұл төлеу үкімін шығарды. Бұл туралы бейсенбі күні The Star газеті хабарлады.
Сотталған вьетнамдықтар 2019 жылдың сәуір айында қамауға алынған. Олардан ондаған барыстың және малайзиялық аюлардың терісі тәркіленген. Сондай-ақ, жабайы табиғатта небәрі 200-і ғана қалған малайзиялық жолбарыс денесінің кейбір бағалы бөліктері табылған.
Сот шешіміне орай, айыппұлдан өзге браконьерлер екі жылға қамауға алынды. Мұнымен қатар, салынған айыппұлды төлемеген жағдайда, 16 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылатын болады.
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.