Өрт сөндірушілерге бауырымен жорғалаушыны ұстау оңайға соққан жоқ. Осы оқиға жөніндегі бейнероликте қолтырауынның оны арқанмен байламақ болған кезде айбат шегіп, құрықтан аман шыққандығын көруге болады. Сондай-ақ жыртықштың бетіне жамылғы жаппақ болған өрт сөндірушілердің бұл әрекеті де нәтижесіз болды.
Бейнекөріністің авторының айтуынша, өрт сөндірушілер қолтырауынды ұстауға 1 сағатқа жуық уақыт жұмсаған. Ақыр соңында оны жүк көлігіне тиеп, жыртқыш өзі келген жергілікті өзендердің біріне жеткізілді.
Қолтырауынның қалаға дейін кіріп кеткен кезі бірінші рет болған.