Малайзияда Ислам әлеміндегі бірлік пен экономикаға арналған халықаралық конференция өтеді

АСТАНА. 9 ақпан. ҚазАқпарат - Малайзия астанасы Куала-Лумпурда мұсылман елдерінің қатысуымен ислам әлеміндегі бірлік пен экономика мәселелері бойынша халықаралық конференция өткізеді. Екі күнге созылатын шара 4 наурызға белгіленген.

muslim.kz сайтының жазуынша, жиын жұмысына әлемдік сарапшылар, инвесторлар, банкирлер, педагогтар, ғалымдар және басқа да салалардың білгірлері қатыспақшы. Конференцияны ұйымдастыруға Малайзияның Сауда палатасы мұрындық болуда.