Пошта ведомствосынан хабарлағандай, мұндай мүмкіндік бір ай ғана, қасиетті Рамазан айы бойына жалғасады.
Тапсырысқа жасалған маркалардың жай ескерткіш кәдесый емес екенін айта кету керек. Портретіңіз салынған марканы конвертке немесе құттықтау ашықхатына жапсырып, адресатқа жіберуге болады, дейді пошта қызметкерлері.
Клиенттің елдің кез-келген пошта бөлімшесіне сандық форматтағы дайын фотосуретпен келуіне немесе сол жерде суретке түсуіне болады.
Номиналы 30 центтік 20 марканың топтамасы сатып алушыға 19 ринггитке (5 доллар) түседі. Ал әрқайсысының номиналы 50 центтік осыншама марка 28 ринггит (8 доллар) тұрады, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.