Малайзияда су тасқыны салдарынан 4,2 мыңнан астам адам эвакуацияланды

Фото: report.az

АСТАНА. KAZINFORM – Малайзияның 4,2 мыңнан астам тұрғыны елдегі су тасқыны салдарынан уақытша орналастыру орындарына эвакуацияланды. Бұл туралы Bernama агенттігіне сілтеме жасап ТАСС хабарлады.

Табиғи апат болған Перак штатынан 2 496 адам, Кедах штатынан 1 007, Пинаг штатынан 749 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Билік өкілдері зардап шеккен тұрғындарға кемінде 40 уақытша орналасу орнын ұйымдастырып берді.

2024 жылы Малайзияны басқан су тасқынынан келген шығын 933,4 млн ринггитті ($215 млн) құраған. Бұл елдің ішкі жалпы өнімінің 0,05 пайызы.

Осыған дейін толассыз жаңбырдан кейін Измирдегі бірнеше ауданды су басқаны туралы жаздық.