Малайзияда вице-премьер мен бас прокурор отставкаға кетті
Бұл туралы ТАСС хабарлады.
Наджиб Разакты инвестициялық қор директорлары кеңесінің төрағасының қызметінен кетуге шақырған вице-премьер Мухьиддин Ясин қызметінен босатылды. Инвестициялық қордың қызметін шамамен $11 млрд. шығынға байланысты арнайы комиссия тексеріп жатыр. Сонымен қатар, вице-премьер жуырда дау салдарынан елдегі ірі Малайзия ұлттық ұйымының бірлестігінің беделі зардап шегіп жатқанын мәлімдеді.
Үкімет басшысының жаңа орынбасары болып ішкі істер министрі Ахмад Захид Хамиди тағайындалды. Сонымен қатар ол едің ІІМ басқармақ.
Сонымен қатар, бас прокурор Абдул Гани Патайл отставкаға жіберілді. Сондай-ақ, табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрі Паланивел Говиндасами, ауыл шаруашылығы және ауыл шаруашылық өндірісі министрі Исмаил Сабри Яакоб қызметінен айырылды.
Айдың басында The Wall Street Journal бірнеше мақала жариялады. Онда премьердің жеке шоттарына 1MDB қорымен байланысты компаниялардан шамамен $700 млн. аударылғаны жазылған. Материалдардың автолары транзакция бойынша құжаттардың көшірмесін де ұсынған. Оппозиция үкімет басшысын инвестқордағы қаражатты ысырап қылды және сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деп кінәлап отыр.
Үкімет басшысы мұны мойындамай отыр. Премьер адвокаттары жақын арада The Wall Street Journal шағым жасайды деп күтілуде.