Малайзияда жапониялық медбике дарға асылады

АСТАНА. 25 қазан. ҚазАқпарат - Малайзиялық сот есірткінің заңсыз айналымы үшін сотталған жапондық медбикені дарға асу арқылы өлім жазасына кесу туралы үкім шығарды. Марико Ткаоци өзінің жол сандығында 3,5 келі метамфетамин алып өтпек болған, деп хабарлады MIGnews.

Ол 2009 жылдың қазанында Куала-Лумпур әуежайына қонғаннан кейін тұтқындалған болатын. Мұнда ол Дубайдан келді. Жапондық медбикенің айтуынша, жол сандықтың ішінде не бар екендігінен ол бейхабар болған, оны ирандық азамат алып кету керек екен. Адвокат үкімге қайта шағымдалады.

Атап өтер жәйт, Малайзияда есірткіні пайдалану, сату мен сақтауға қатысты заң талаптары аса қатаң. Әдетте, осындай қылмыспен ұсталған адам өлім жазасына кесіледі.