Малайзиядағы мектептің шатырына әскерилер мінген тікұшақ құлады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бортында 14 әскери азамат отырған тікұшақ сейсенбі күні таң ата Малайзияның шығысында орналасқан Тавау қаласындағы мектептердің бірінің шатырына құлады. Бұл туралы Синьхуа агенттігі полицияға сілтеме жасап хабарлайды.

Бортта отырған адамдардың арасында тек ұшқыштың өзі ғана жеңіл жарақат алды. Ал, мектептің 7 оқушысы мен тағы бір ер азамат қажетті медициналық көмектер алу үшін аурханаға жеткізілді, деп хабарлады полиция шефінің көмекшісі Тавау Фадиль Маркус.

Сабах штатын аралап жүрген тікұшақтың ұшқышы техниканы басқара алмай қалған соң олардың осындай жағдайға тап болғандығы айтылады, деп хабарлады Риа Новости.