Тропикалық ағаштың биіктігі 94 метрді құраған. Ал жуандығы 40 метр шыққан. Экологтар аталған аймақтан мұндай "алып" ағаштың онға жуығын кездестірген.
- Бұл - әлемдегі ең биік тропикалық ағаш. Табиғаттың таңғажайып сыйы. Мұндай ағаштың табылуы - ғылым мен Борнео тұрғындары үшін ғана маңызды емес, әлем үшін таңданарлық жаңалық, - деді эколог Грегори Эснер.
Айта кетейік, әлемдегі ең биік ағаш «Гиперион» деп аталады. АҚШ-тың Калифорния штатындағы «Редвуд» саябағындағы ағаштың биіктігі 115,6 метрді құрайды.