РИА "Новости" таратқан ақпаратқа сүйенсек, эксперттер дәл қазіргі сәтте жұмысты жалғастыру-жалғастырмау жайын ақылдасуда. Жапа шеккендер жайында мәлімет жоқ.
Бұған дейін France-Presse агенттігі оқиға орнында бірнеше рет жарылыс болды деген де хабар таратқан.
Еске сала кетейік, Амстердам (Нидерланды) - Куала-Лумпур (Малайзия) бағытындағы Malaysia Airlines компаниясының «Боинг 777» ұшағы Украина аумағында шілденің 17-сінде апатқа ұшырап, оның бортындағы 298 адам қаза болған еді.