Бұл туралы Харьков облысының губернаторы Игорь Балута мәлім етті, деп хабарлады Би-би-си.
«Біз апат орнынан әкелінген мүрделерді қабылдаумен және Харьковке келетін олардың туыстарын орналастырумен айналысамыз. Қазір осында келген марқұмдардың туыстары үшін қонақ үйлерде 600 орын дайындалды», деді Балута.
Ол қалада ағылшын, француз тілдерін білетін еріктілер, сондай-ақ ағылшын тілін меңгерген психологтар әзір екенін айтты.
Губернатордың айтуынша, «қалаға қаза тапқандардың мәйіттерін қашан әкелетіні және олардың туыстары қашан келетіні туралы нақты ақпарат жоқ". Апатқа ұшыраған "Боинг 777" бортынша 298 адам болған. Олардың барлығы қаза тапты.