Малайзиялық Боингтің жолаушылары Кандагар түбінде тұтқынға алынған - арнайы қызметтер

АСТАНА. ҚазАқпарат - MH370 рейсінің ұшқыштары ұшақты қасақана басқа жаққа бұрып жібермеген, ұшақ белгісіз біреулермен басып алынған, деп хабарлады арнайы қызметтердегі беделді дерек көзіне сілтеме жасаған «МК». Аталған ақпарат әлемдік БАҚ-тың ешқайсысында әлі жарияланбаған.

8 наурыз күні Malaysia Airlines компаниясының әуе лайнері бортындағы 227 жолаушы және 12 экипаж мүшесімен басып алынған және қазір Кандагардан оңтүстік-шығысқа қарай Ауғанстан аумағында Пәкістанмен шекаралас жерде тұр. Ұшақтың сынған қанатына қарағанда ол жерге шұғыл қонған. Барлық жолаушылар тірі, жеті топқа бөлініп күн кешіп жатыр. Ұшақтың ішіндегі 20-ға жуық азиялық маман тұтқынға алынған. Бұның бәрі американдық тараппен сауда жасау үшін біреудің тапсырмасымен жасалған деседі. Бұл туралы «МК» тілшісіне арнайы қызметтердегі дерек көзі хабарлаған. Еске сала кетейік,Malaysia Airlines компаниясының Boeing 777-200ER әуе лайнері Малайзияның астанасы Куала-Лумпурден Бейжіңге Қытайдың China Southern Airlines рейсімен бірлесіп, бортында 227 жолаушысы мен 12 экипаж мүшесімен жолға шыққан болатын. Ол радар экранынан 8 наурыз Малайзия уақыты бойынша 02.40-та жоғалған. Жолаушылардың екеуі рейске басқа біреулердің төлқұжаттарымен кірген. Негізі Boeing 777 жолаушылары қаза болған деп жарияланды: олардың туған-туыстарына әуе компаниясының басшылығы ұшақ бортында болғандардың ешқайсысы тірі қалмады деп хабарлады. Егер, шынымен лайнердің апатқа ұшырау фактісі расталса, онда бұл 2003 жылдан бергі ірі әуе апаты болады. Осы кезде Қытайдың туристік агенттіктері белгілі бір уақытқа Malaysia Airlines тасымалдаушысының рейстеріне билет сатуды тоқтатты. Оған LY.com, Qunar, Mango және eLong Қытай сервистері қосылды. Malaysia Airlines пен Малайзия билігі ақпаратты бүкпесіз жариялаған күнде ғана наразылық шарасы тоқтатылады деп мәлімдеді.