Малайзиялық шенеунік әйел зорлады деп айыпталуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жұма күні Жаңа Зеландияға экстрадицияланған малайзиялық дипломат әйел зорламақ болды деген айыппен сот алдында жауап берді.

Мұхаммад Ризалман бин Исмаил Веллингтонда осыдан бес ай бұрын қамауға алынды. Ол жас әйелді зорламақ болды деп күдіктелді. Арада көп ұзамай күдікті - алдын ала болжам бойынша, дипломатиялық иммунитеттің арқасында Жаңа Зеландиядан кетіп қалған, деп хабарлады ВВС.

Бұл жағдай Жаңа Зеландияда наразылық тудырып, екі елдің де дипломатиялық ведомстволарын ыңғайсыз жағдайда қалдырды.

Екі тарап та дипломатиялық миссия қызметкеріне неліктен Веллингтоннан кетуге рұқсат берілгенін түсіндіретін түрлі түсініктемелер берді. Қорытындысында Малайзия билігі дипломатты кері қайтарды. Олар оған қатысты әділ сот болады деген сенімде.