Малайзиялық ұшақ апатқа ұшыраған жерден тағы 27 мүрде табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Құтқарушылар Боинг апатқа ұшыраған жерден тағы 27 адамның мүрдесін тапты. Осылайша табылған денелердің саны 223-ке жетті. Мұндай деректерді Украина вице-премьері Владимир Гройсман келтірді, деп жазады Lenta.ru.

Қазіргі уақытта қаза болғандардың денесі Донецкте. Украин билігі оларды пойызбен Киев бақылауындағы территорияға жеткізу жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр. Гройсманның айтуынша, пойызда 192 адманың денесі жатыр. Іздеу жұмыстарына 200-ден астам маман және 800-дей ерікті жұмылдырылған.

Сондай-ақ, вице-премьер Киев бақылауынан тыс жерлерде шетелдік эксперттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмайтындықтарын да айтып өтті.