Indiegogo сайтында АҚШ, Жаңа Зеландия, Франция және Үндістан жолаушыларының туысқандары ұшақтың жоғалғаны туралы маңызды ақпарат бергендерге сыйақы беру үшін қаражат жинау науқанын іске қосты. Ең аз жарна 5 долларды құрайды.
Бұл ретте акцияға Қытай мен Малайзия азаматтарының туыстары қатыспайды. Бұдан басқа, 2 млн. доллар сыйақы тергеудің жаңа нұсқасын пысықтаған жеке детективтерге беріледі. Жоғалған жолаушылардың туыстарының пікірінше, билік «осы уақытқа дейін лайнер туралы еш ақпарат таппадық» деп іздестіру операциясының барысы туралы ақпаратты бүгіп отыр.